Жақсы банк. Бұл жерде қазақша сервис бар. 10 каб. Менеджерлер керемет жандар. Әрқашан көмек көрсетуге даяр. Қанша шаруамды шештім, алғысым шексіз. Тез әрі сапалы қызмет көрдім. Жарайсыңдар👍🏼🇰🇿
Общежитие № 7
Октябрь 2024 •
5
Жақсы, замануи жатақхана. Кезінде мен де тұрғам. Қауіпсіздік жақсы болатын. Тек бір ескерту: қарсы тұрған 2б жатақханасының жартысы қонақ үй болатын. Сол қонақ үйді басқа орынға ауыстырған жөн, немесе терезелерін қараңғылаған жөн деп ойлаймын. Ұятсыз адамдар жиналатын притон сияқты сол жер. Студенттер мен ұстаздарға деген сыйластық болуы керек.
Албан
Октябрь 2024 •
5
Жақсы жер. Өнімдер балауса. Сатушылар керемет жандар. Сондай қарапайым, халық дүкені деуге болады. Бұл жерде фермерлік өнімдер бар. Жұма сайын тегін нан таратылады. Қазақша біледі.
Garant auto city
Октябрь 2024 •
3
Бұл жердің бағалары удай. Қаланың басқа жерімен салыстырғанда 500-1 млн разница жоқ дегенде. Ал былайша жаман емес.
Milana
Октябрь 2024 •
5
Гүл мен өсімдіктің түр-түрі бар. Іздеген гүлді табасың бұл жерден. Бәрі жақсы, тек қазақша сервис ақсап тұр.
Magnum Express
Октябрь 2024 •
5
Алғашқы қажетті заттардың бәрін табуға болады. Тоқаштары дәмді, үлбіреп тұрады әрқашан. Сиыр еті, құс еті, фарш бар, Ескерту: ветеринарлық құжаттары еттің тұсында ілініп тұрса деймін.
Плов центр № 1
Октябрь 2024 •
5
Жақсы жер. Дәмді палау дайындайды. Үнемі барамыз. Тек кішкене ғана бір ескерту: дезинсекция жасаса Кен деймін. Ал былайша жақсы жер. Ұсынамын
Алтын Али
Октябрь 2024 •
4
Нандары күшті, әрқашан балауса. Сатушылары қазақ тілін білмейді. Тіпті амандасуға да жарамайды. Қазақша сөйлесең, қызмет көрсетпейді.
ЯГриль
Октябрь 2024 •
5
Үлкен ұшалар. Тойымды. Бағасы сапасына сай. Дәмді дайындайды.
Той табақ
Октябрь 2024 •
5
Санияның дайындаған шұжық, қазысы, сүр мен тұздалған еттерінен дәмді ет жоқ сол маңайда. Бағасы сапасына сай. Қазақша мүшелеп те береді. Мұсылманша сойылған ет, халал. Тойға ет дайындап береді қажет болса. Таза, уайымдамай жейсіздер. Ұсынамын, барыңыздар. Мен үнемі сол жерден алам