Тамаша, қазір полуфабрикаттар да сатады екен.Мен пельменін алдым, дәмі тура уйдегідей. Пельмен түюдің өзі де уақытты алады ғой, мынау таптырмас көмек, дәмі тіл үйіреді.Сіздерге де кеңес берер едім.
Береке
Октябрь 2024 •
5
Құдайы тамаққа бардым.
Ас мәзірінде қазіргі діни басқарма бекіткен тағамдармен жасалған.
Зал кең, көлік емін- еркін кіріп шығатын жерге орналасқан.
Банкет жасауға тағамдары дәмді екен
Этнокафе Жайлау
Октябрь 2024 •
5
Қазағымның ұлттық тағамдарын, жеңсік астарды, ұмытвлып бара жатқан тағамдарды жегіңіз келсе, ,,Жайлау" этнокафесіне баруыңызға кеңес берер едім.
Қарын бүрме, сіңір, жент, ірімшік т.б.тағамдары сілекейіңізді ағызады.
Мен сіңірді қайта заказ беріп жедім, сүйектегі майы керемет, барып өзіңіз дәмін татқаныңыз жөн болар еді
Көзқарас
Октябрь 2024 •
5
,,Көзқарас" офтоорталығвнда көзіңізді жіті тексертіп алғаныңыз дұрыс. Есіктен кіргелі биязы медбикелер сұрақтарыңызға анық жауап беріп, қызмет көрсетеді.
Мен көзімде катаракта барын осы жерде жіті тексертуден өтіп білдім.Алла қаласа ота жасауға барамын
Keremet
Октябрь 2024 •
5
Атына заты сай. ,,Керемет" орталық.
Азия мед
Октябрь 2024 •
5
Клиника соңғы медициналық - техникалық жабдықтармен қамтылған.
4- ші қабатқа шығатын арнайы лифт де бар.
Кеңес берер едім: барлық керекті медициналық көмекке осы клиникаға жүгінсеңіздер. Медицина қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы өте жоғары деңгейде.
Өзім бірнеше рет жүгіндім.
Тастақ.Төле би көшесі, 260 деп таксимен келсеңіз, тура алдына тоқтайды, ал интернеттегі адрес лифт жоқ жаққа апарады.
Зия-Нур
Июнь 2024 •
5
Ресейдің өнеркәсібінен шыққан аяқ киімдер, сапасы жоғары.Қыста уйге киетін тәпішкесін алғам, иіс те шығармайды, қаншама рет жудым, ашылып та кетпейді.
Осы жолы жаздық сандалик, басоножка алдым.Аяққа жеңіл екен.
Сапасы жоғары аяқ киім іздеп жүрсеңіздер сіздерге комфорт обувь бутигіне баруды ұсынамын.Өкінбейсіздер, кірген бетте 1 қабат, сол жақта
Емдек орталығының емі қонымды.
Амир Алмас есімді дәрігер нағыз өз ісінің шебері екен, жаныңа батқан дертің жайлы асықпай сұрап аласың.Сөзбен емдейтін дәрігер, кейде әңгімелесіп отырып, оның дәрігер екенін ұмытып кетесің
Zeta
Июнь 2024 •
5
Zeta дүкені нағыз заманауи дүкен екен. Іздеген затыңның барлығын табасың, базарға барып, шаршап қажеті жоқ.
Бір ұсынысым бар, буфет болса, дүкенде пластмасс заттар болған соң бас ауырады, сол кезде шай ішетіндей жағдай жасаса